сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 14:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған

Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған
Фото: ІІМ
Атыраудағы ерлер колониясына дрон арқылы ұялы телефон кіргізбек болған. Мекеме қызметкерлері үш телефон салынған түйіншекті тәркіледі.

Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні шамамен сағат 01:15–те болған. № 15 мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта дрон арқылы белгісіз түйіншектерді жеткізу әрекетін анықтаған. Тексеру барысында картонға оралып, сыртынан скотчпен бекітілген үш түйіншек табылды. Оларды ашу кезінде ішінен үш ұялы телефон шыққан.

— Аталған дерек бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады, — деп хабарлады Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар