сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 14:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық кітапханада «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

Ұлттық кітапханада «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды
Басылым тарихшыларға, зерттеушілерге, студенттерге және тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында француз тарихшысы әрі зерттеуші Мари Фавероның «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасының таныстырылымы өтті.

Зерттеу еңбегінде Алтын Орданың тарихы, оның Еуразия кеңістігіндегі орны мен тарихи маңызы, сондай-ақ Орталық Азиядағы саяси және мәдени үдерістерге ықпалы қарастырылады. Автор Алтын Орда тарихын кең ауқымды тарихи үдерістермен сабақтастыра отырып зерттейді.

Кітаптың қазақ тілінде жарық көруі отандық оқырманға Алтын Орда тарихына қатысты заманауи ғылыми зерттеулермен ана тілінде танысуға мүмкіндік береді. Басылым тарихшыларға, зерттеушілерге, студенттерге және тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Кітаптың таныстырылымына Францияның Алматыдағы Бас консулы, Алматыдағы Француз Альянсының өкілдері, тарихшылар, зерттеушілер, кітапхана мамандары және оқырмандар қатысты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар