сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 14:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда кран құлап, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда кран құлап, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
видео скрин
Апат Шығыс айналма жолында болған.

Алматыда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматыда кран құлауы салдарынан бір адам ауыр жарақат алды. Еңісте тұрған алып техника өздігінен төмен қарай жүріп кеткен. Оны тоқтатамын деп зардап шеккен ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Апат Шығыс айналма жолында болған. Автокран жүк көтеру үшін таңғы уақытта құрылыс алаңына келген екен. Жүргізуші шылым шегуге сыртқа шыққанда, техника кенеттен төмен қарай жүріп кетеді.

Екі қызметкер кабинаға кіріп тоқтатуға тырысқанымен, кран алдындағы бетон блок пен қоршауларды түгел қиратып, жаяу жүргіншілер жолына жеткенде бір-ақ тоқтаған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жүргізіп жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар