Павлодарда кәмелетке толмаған қыздарға АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:54
- 25
Павлодарда кәмелетке толмаған апалы-сіңліге жыныстық зорлық көрсетіп, салдарынан оларға АИТВ жұқтырған 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкімді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот ер адамды балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау және сексуалдық сипаттағы өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Судья Жанна Нығыбаева екі бапта да өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айтты.
Қылмыс жасалған кезде қыздар 10 және 11 жаста болған. Екеуінде де мүгедектік бар. Олардың анасы сотталушымен 2018 жылдан бері қарым-қатынаста болған және бұған дейін де балаларын онымен қалдырып жүргенін айтқан. Оқиға болған күні анасы үйде болмаған.
Сотта ер адам жауап беруден бас тартқан. Іске қатысқан прокурордың айтуынша, оның өзінің АИТВ мәртебесін білген-білмегені сот барысында анық айтылмаған.
Жаза тағайындау кезінде сот кінәсін мойындауын және бұрын сотталмағанын жеңілдететін мән-жай деп таныған. Ал қылмысты мас күйінде жасауы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескерілді.
Сот отырысы жабық өтті, үкім көпшілік алдында жарияланды. Сотталған адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






