сәрсенбі, 2 қыркүйек, 2026 11:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жетісуда жол апатынан алты адам қаза тапты

Жетісуда жол апатынан алты адам қаза тапты
видео скрин
Тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысында ауыр жол апаты болып, алты адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға «Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, сол сәтте қарсы келе жатқан тағы бір Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан алты адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда полиция жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар