Қазақстанда Президент Жарлығына сәйкес күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Осыған байланысты қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті. 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Олардың ішінде:
12 мыңнан астамы – Қарулы күштер қатарына;
7 мыңы – Ұлттық ұланға;
3 мыңы – ҰҚК Шекара қызметіне;
400-ден астамы – Төтенше жағдайлар министрлігіне;
300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.
"Цифрлық шақыру" жүйесі мен "Smart военкомат" жобасының арқасында әскерге шақыру және әскери есепке алу бойынша қызметтердің басым бөлігі проактивті форматта көрсетіледі. Азаматтарды тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери есепке автоматты түрде қою, 17 жастағы жасөспірімдерді тіркеу, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтері автоматтандырылған.
Әскери есепке қатысты барлық ақпаратты азаматтар eGov порталындағы жеке кабинетінен көре алады.
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жұмыстарын да жалғастырып жатыр. Әскери-есептік мамандықпен қатар сарбаздар еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және басқа да шамамен 20 мамандық бар.
Сонымен қатар әскери қызмет өткеру кезінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Бұдан бөлек, олар ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орнына түсе алады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жетісуда жол апатынан алты адам қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: астаналық оқушылар экологиялық бастамаларды талқылады
- авторОймақ
- 1 қыркүйек, 2026





