бейсенбі, 27 тамыз, 2026 14:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады
Фото: NUR.KZ
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдады. Министрлік өкілдері жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салды

Ведомство өкілдері оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізетінін атап өтті.

Балалар мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Сондықтан ІІМ жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады.

Жаңа оқу жылына барлық мектептің маңындағы жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жүргізілген. Балаларды тасымалдайтын автобустар да толық тексеруден өтті. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқамалар берілді. Олар оқу жылы басталғанға дейін жойылады.

ІІМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Балаларға жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, жолдан өтер кезде телефонды пайдаланбау және құлаққапты шешу, айналаға мұқият қарау қажеттігін ескертеді. Велосипед, мопед немесе электросамокат мінген кезде Жолда жүру қағидаларын сақтау маңызды.

"Ата-аналарға баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын біліп жүру және балалармен жиі сөйлесу ұсынылады. Бала қиын жағдайға тап болған кезде ата-анасынан қорған табатынына сенімді болуы керек. Егер балаға қауіп төніп тұрса, ІІМ "102" нөміріне немесе "111" байланыс орталығына хабарласуға шақырады", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Ведомствоның атап өтуінше, ортақ міндет – қауіпті жағдайлардың алдын алып қана қоймай, балаларға қауіп-қатерді дер кезінде танып, көмек сұрауды үйрету. Полиция барша ата-ананы балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар