Астанада тыңшылық жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы тұтқындалды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:15
- 32
46 жастағы профессор Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-былығы («Тыңшылық») бойынша күдікке ілінген, бұл бап 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Ғалымның туыстарының айтуынша, 3 шілде күні азаматтық киімдегі белгісіз адамдар оны үйінен алып кетіп, Өзбекстанның Астанадағы консулдығының қызметкеріне ақпарат берді деп айыптаған. Ал Жоғары оқу орны мен Өзбекстанның ресми органдары БАҚ сұраныстарына жауап берген жоқ.
Зерттеуші әрі халықаралық құқық докторы Икболжон Корабоев Астанада отбасымен бірге тұрып жатқан. Ол соңғы ғылыми еңбектерінде Орталық Азиядағы, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстандағы маңызды минералдық және сирек кездесетін металдар ресурстарын талдаумен айналысқан. Әріптестерінің айтуынша, оның зерттеулеріндегі барлық деректер тек ашық көздерден алынған.
Қазіргі уақытта Корабоевтың туыстары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Бас прокуратураға және құқық қорғау ұйымдарына хат жолдап, жеке адвокаттың өз қорғауындағы азаматқа кіруіне кедергі келтірмеуді сұрауда. Себебі іс мемлекеттік құпияларға қатысты болғандықтан, ҰҚК тарапынан тиісті рұқсат беру процесі созылып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





