дүйсенбі, 3 тамыз, 2026 14:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құланда 25 жастағы жігіт оққа ұшқан

Құланда 25 жастағы жігіт оққа ұшқан
ЖИ
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жамбыл облысы Құлан ауылында 25 жастағы жігіттің оққа ұшу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.media-ға сілтеме қалдырып.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға түнде болған. Олар күдіктілердің бірнеше адам болуы мүмкін екенін алға тартып, істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етіп отыр.

Сондай-ақ жақындары тергеу барысында оқиғаға қатысы болуы ықтимал барлық адамның әрекетіне құқықтық баға берілуі қажет деп есептейді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Толығырақ ақпарат ресми тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар