Талғат Рахманберді Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:00
- 22
Талғат Рахманберді елорда әкімінің орынбасары қызметіне кірісті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады Arasha.kz.
Әкімдік мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысқан Есет Байкеннің орнына тағайындалған. Талғат Рахманбердінің кандидатурасы Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарымен келісілген.
Жаңа қызметке дейін ол Астананың Байқоңыр ауданын басқарған.
Талғат Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды. Сондай-ақ Бас прокуратура институтында аға прокурор, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және бірқатар басқа қызметтерді атқарған.
2016 жылдың сәуірінен 2019 жылдың наурызына дейін Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Кейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне ауысты.
2019–2023 жылдары елорданың Қоғамдық даму басқармасы мен Ішкі саясат басқармасын басқарды. Сонымен қатар қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Талғат Рахманберді 2023 жылғы 18 қазаннан бастап жаңа тағайындауға дейін Байқоңыр ауданының әкімі болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




