дүйсенбі, 27 шілде, 2026 11:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қыс азығын жаз жина: қысқы дайындыққа 384 милилард бөлінді

Қыс азығын жаз жина: қысқы дайындыққа 384 милилард бөлінді
Istock
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда 2026 жылы электр станцияларын күрделі жөндеуге 384 миллиард теңге бағытталды. Бұл өткен жылғы қаржыландыру көлемінен 9 пайызға артық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Бөлінген қаражат есебінен биыл 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ елімізде 17 мың шақырымнан астам электр беру желілерін, 3,4 мыңнан астам тарату пункттерін және 377 шақырым жылу желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейін 52 пайызға дейін, ал жылу желілерінің тозуын 48 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. 

Өткен жылы елімізде 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбина жөндеуден өтіп, 323 шақырым тозған жылу магистральдары ауыстырылған болатын. Бұл шаралар негізгі жабдықтардың тозуын азайтуға және тәуекел аймағындағы бірқатар ЖЭО-ны қауіпсіз деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. 

Қазіргі уақытта қысқа дайындық аясында қоймаларда 3,5 миллион тонна көмір мен 143 мың тонна мазут қоры жиналды. Алдағы маусымда халық пен коммуналдық сектор үшін жалпы 7,3 миллион тонна көмір дайындау жоспарланған. Сондай-ақ алыпсатарлық пен жасанды тапшылықтың алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап Республикалық штаб вагон қозғалысын цифрлық мониторингтеуді бастайды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар