сәрсенбі, 22 шілде, 2026 11:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жыл басынан бері 200-ге жуық адам жалған құжатпен ұсталған

Жыл басынан бері 200-ге жуық адам жалған құжатпен ұсталған
ҰҚҚ
2025 жылы жалған және бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 661 құқық бұзушылық фактісі анықталған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде жалған немесе бөгде адамның құжаттарын пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау барысында жалған немесе бөтен адамның құжаттарын пайдаланудың 200 фактісі анықталған.

Көп жағдайда құқық бұзушылар жалған визаларды немесе үшінші тұлғалардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.

Мұндай құқық бұзушылықтар көбіне еліміздің оңтүстік шекарасындағы өткізу пункттерінде және халықаралық әуе рейстерінде тіркелген.

ҰҚК мәліметіне сәйкес, 2025 жылы жалған және бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 661 құқық бұзушылық фактісі анықталған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар