сәрсенбі, 22 шілде, 2026 11:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талдықорған-Текелі тас жолында ағаш құлап, бес адам зардап шекті

Талдықорған-Текелі тас жолында ағаш құлап, бес адам зардап шекті
stan.kz
Жолда көліктердің жүруіне кедергі жоқ.

21 шілдеде Талдықорған – Текелі тас жолында қатты желден құлаған ағаш жолаушылар мінген Toyota Camry автокөлігінің үстіне түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде көлік салонында бес адам болған.

Көліктегі жолаушылар Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Оқиғадан кейін арнайы қызметтер құлаған ағашты жолдан толық алып тастады. Қазір Талдықорған – Текелі бағытындағы көлік қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр.

Жолда көліктердің жүруіне кедергі жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар