дүйсенбі, 6 шілде, 2026 16:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елімізде 26 адамға Астана есімі қойылған

Елімізде 26 адамға Астана есімі қойылған
Ақорда
Елорда күні қарсаңында Қазақстанның бас қаласы туралы тың мәліметтер жарияланды. Бүгінде Астанада 1,67 миллион адам тұрады, қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас. Ал еліміз бойынша 26 қазақстандықтың есімі – Астана.

 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Астанада 1,67 миллион адам тұрады. Қала тұрғындарының басым бөлігін әйелдер құрайды. Елордалықтардың орташа жасы – 30,9 жас болса, өмір сүру ұзақтығы 78,8 жылға жеткен.

Астана халық санының өсу қарқыны жоғары қалалардың бірі саналады. Қалада шамамен 545 мың бала өмір сүреді. Тек 2025 жылдың өзінде елордада 27,4 мың сәби дүниеге келген.

Сонымен қатар, Қазақстан бойынша 26 азаматқа Астана есімі берілген.

Елорда экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып отыр. Қазіргі уақытта қалада 274 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 18,5 мыңы құрылыс саласында қызмет етеді. Бұл көрсеткіш бойынша Астана республикада көш бастап тұр.

Қала тұрғындары үшін 576 мың пәтер есепке алынған. Ал интернет қызметін пайдаланушылар саны 443 мың абонентке жеткен.

Елорда қоғамдық тамақтану орындарының саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қалада 6819 мейрамхана, кафе және басқа да қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша Астана тек Алматы қаласынан кейін тұр.

Мәдени инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Бүгінде елордада 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ халыққа қызмет көрсетеді.

Астана туристік бағыт ретінде де тартымдылығын арттырып келеді. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында ғана қаланы 67,9 мың шетелдік турист тамашалаған. Қонақтарға қызмет көрсету үшін елордада 6 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, халық санының өсуі, бизнестің дамуы және туристік ағынның артуы Астананың өңірлік әрі халықаралық деңгейдегі маңызды орталық ретіндегі рөлін күшейтіп келеді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар