дүйсенбі, 6 шілде, 2026 15:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көлсай көлдерінде 16 жастағы қызды жылан шағып алды

Көлсай көлдерінде 16 жастағы қызды жылан шағып алды
ТЖМ
Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел көмек көрсетті.

Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында демалып жүрген 16 жастағы қызды жылан шағып алды. Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Көлсай көлдерінде кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылар хабарласып, жасөспірімді жылан шаққанын жеткізген.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қызға әмбебап құтқару бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін оны қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізген.

Ведомство жаз мезгілінде жыландардың белсенді болатынын ескертіп, табиғат аясында демалған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Құтқарушылардың айтуынша, демалушылар белгіленген соқпақтардан шықпауы, демалыс орнын алдын ала мұқият қарап шығуы және жыландарға жақындап, оларды ұстауға әрекет жасамауы қажет.

Сондай-ақ ТЖМ жылан шаққан жағдайда уақыт оздырмай медициналық көмекке жүгініп, 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар