сәрсенбі, 1 шілде, 2026 18:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бес баланың қазасы: олар мектеп бітіру кешінен келе жатқан

Бес баланың қазасы: олар мектеп бітіру кешінен келе жатқан
Коллаж: ult.kz
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан.

Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Отбасының ауылдасы жап-жас қыздардың кеткеніне қайғыра көңіл айтты. 

“Жылап отыр. Менің немереммен қатар екен. Сол рөлде отырған дейді”, - деді көршісі. 

Жол апаты Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған. Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп қалған.

Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін аман алып қалды. Алайда оның жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. 

Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар