бейсенбі, 26 қараша, 2026 10:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін қолайсыз ауа райы күтіледі

Бүгін қолайсыз ауа райы күтіледі
istockphoto
Кей өңірлерде жел екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін екенін ескертті.

Бүгін, 26 қарашада Астана, Шымкент қалаларында және еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер жауын-шашын, боран, көктайғақ пен тұман болатынын, кей өңірлерде жел екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін екенін ескертті.

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыста жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Кей жерлерде боран соғуы мүмкін.

Жамбыл облысында, Тараз қаласында және Жетісу облысының Алакөл маңында жел екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде де қатты жел, тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға, ауа райының өзгеруін ескеруге шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар