Алматыда супермаркет қызметкеріне дөрекі сөйлеген азаматшаға айыппұл салынды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:25
- 34
Әлеуметтік желілерде әйел адамның супермаркет қызметкеріне қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасағаны бейнеленген видео таралуда, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Аталған оқиға Алматы қаласында орын алған. Жанжалдың туындауына себеп болған азаматшаның жеке басы анықталды.
Оған қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады және агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.
Сонымен қатар азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұраймыз. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген.
Азаматтардың өзара сыйластығы мен ынтымағы, сондай-ақ Заң мен Тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтау – қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






