Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеген заңсыз көші-қон фактісін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі сыйақыға 990 адамды бір бөлмелі пәтерге тіркеген. Ол адамдар шын мәнінде ол пәтерде тұрмаған.
Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






