жұма, 12 маусым, 2026 21:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандар ұсталды

Студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандар ұсталды
polisia.kz
Күдіктілер жәбірленушіні автокөлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.

Павлодар облысында жедел уәкілдер студенттер мен оқушылардан ақша бопсалау фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан “Саналы ұрпақ” жобасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері оқу орындарындағы бопсалау фактілерінің жолын кесті.

Атап айтқанда, Павлодар қаласында екі оқушы өз қатарластарынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Олар жәбірленушілерден бағалы заттарын ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны беруді талап еткен. Кейбір жағдайларда қысым көрсету үшін әшкерелейтін бейнематериалдар пайдаланылған.

Екібастұз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студенті танысымен бірге 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер жәбірленушіні автокөлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.

– Аталған екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық қорғау органдары өзге де ықтимал қатысушыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, сондай-ақ қосымша эпизодтардың бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер ақша беру кезінде ұсталды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Құқық қорғау органдары жастар арасында қылмыстық топтар құру, қылмыстық ықпал орнату және ақша бопсалау әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жолы кесілетінін атап өтті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар