жұма, 12 маусым, 2026 18:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Заитовтың тойда беташар рәсімін жүргізген видеосы тарады

Заитовтың тойда беташар рәсімін жүргізген видеосы тарады
Коллаж: Arasha.kz
Видео көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың тойда беташар өткізіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбада халық қалаулысының келіннің бетін ашып, дәстүрлі беташар рәсімін жүргізіп жатқанын көруге болады. Видео көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды.

Кейбір желі пайдаланушылары Ринат Зайытовтың ұлттық дәстүрлерді дәріптеп жүргенін атап өтсе, енді бірі депутаттың қоғамдық қызметтен тыс уақытта той жүргізуіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, Ринат Зайытов 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты қызметін атқарып келеді. Әзірге депутаттың өзі тараған видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар