жұма, 12 маусым, 2026 17:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудың орталығын қоқыс басты

Атыраудың орталығын қоқыс басты
Фото: видеодан скрин
Атыраудың қақ ортасындағы «Атырау» шағын ауданы күресінге айналды

Көшеде шашылған тұрмыстық қалдықтар мен толып кеткен жәшіктер қаланың сиқын қашырып тұр. Бұл туралы атыраулық блогер Рүстем Баязиев әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, бейнежазба жариялады. Бейнебаяннан қоқыстың ашық-шашық жатқанын және оның уақытылы тазаланбайтынын анық көруге болады.

Блогердің айтуынша, бұл жағдай тұрғындардың мазасын қашырып, қала келбетіне нұқсан келтіруде. Ол жергілікті кәсіпкерлер мен жауапты мекемелерді айналаны таза ұстауға шақырды.

Сондай-ақ, қала әкімдігінен бұл былыққа тез арада нүкте қойып, тиісті шара қолдануды талап етті. Қазіргі уақытта әкімдік бұл мәселеге қатысты шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Тұрғындар болса әлеуметтік желіде шағын ауданды тазарту жұмыстарын бақылауға алуды сұрап отыр.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар