дүйсенбі, 1 маусым, 2026 17:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр
Фото: әлеуметтік желіден
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның қазір Вьетнамда қамауда отырғанын айтты.

Ерлан Жетібаев тиісті органдар оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл азамат Вьетнамда қамауда, ал Бас прокуратура оны экстрадициялаумен айналысып жатыр. Тиісті шаралар жалғасады", – деді Жетібаев.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, тиісті рәсімдер жалғасып жатыр. Қамза бұған дейін қамауға алынбағанын және Вьетнам билігі оның құжаттарын тәркілегенін мәлімдеген.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жариялағаны белгілі болды. Кейін блогер бұл ақпаратқа Instagram Stories арқылы жауап беріп, дастархан басында отырған суретін жариялап, “Бәрі дұрыс” деп қысқа жазба қалдырған.

14 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі Қайсар Қамзаның заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар