дүйсенбі, 1 маусым, 2026 17:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақмола облысында студентті кене шағып, жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облысында студентті кене шағып, жансақтау бөліміне түсті
Фото: stan.kz
Жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, жасөспірім кене арқылы таралатын вирустық энцефалит жұқтырған болуы мүмкін.

Жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген және бұл жағдай туралы мамандарға хабарламаған. Біраз уақыт өткен соң науқастың денсаулығы күрт нашарлай бастайды.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің санасы бұзылған. Қазір оған барлық қажетті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 «Әдетте алғашқы белгілер 7-10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, өйткені вирус орталық жүйке жүйесін – ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін», – деді облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар