дүйсенбі, 1 маусым, 2026 15:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыдағы жол апаты: жәбірленуші тарап кешірім бергенін мәлімдеді

Алматыдағы жол апаты: жәбірленуші тарап кешірім бергенін мәлімдеді
kris_p_almata
Аталған іс бойынша негізгі сот талқылауы 1 маусымда басталды.

Алматы қаласында өтіп жатқан Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысында екі жәбірленуші тарап «Zeekr» автокөлігінің жүргізушісі Александр Пакқа ешқандай талап-арыздары жоқтығын және оған кешірім бергендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сот залында апаттан қаза тапқан Құмар Теңелбаеваның анасы Бақытгүл Жолдасова мен «Mercedes» автокөлігінің марқұм жүргізушісі Еламан Тілемісовтің әпкесі Ләззат Тілемісова ресми түрде мәлімдеме жасады. Жәбірленушілердің айтуынша, айыпталушы тарап келтірілген материалдық және моральдық шығынды толық көлемде өтеген.

«Ол кінәсін шын жүректен мойындап, кешірім сұрады, материалдық және моральдық зиянды толық өтеді. Менің де, туыстарымның да Пакқа ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Бұл татуласу ешқандай қысымсыз, өз еркімізбен болды, бізге құқықтық салдары түсіндірілді. Соттан Пакқа бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауын сұраймыз», – деді Бақытгүл Жолдасова.

Сонымен қатар Жолдасова бұған дейін оның мүддесін қорғап, қаза тапқан қыздың жақындары әлі кешірім беруге дайын емес екенін және 100 миллион теңге көлемінде азаматтық талап-арыз түсіруі мүмкін екенін айтқан адвокат Шәкеевтің қызметінен бас тартқанын хабарлады.

Айта кетейік, аталған іс бойынша негізгі сот талқылауы 1 маусымда басталды. Айыпталушы орындығындағы Александр Пак тағылған айыпты толығымен мойындады. Ал апаттан қаза тапқан тағы бір бойжеткен – Томирис Қыдырбектің туыстарының ұстанымы бұл отырыста әлі тыңдалған жоқ. Оларды жауапқа алу келесі сот отырысына ауыстырылды. Сот процесі 4 маусымда сағат 10:00-де жалғасады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар