жұма, 29 мамыр, 2026 18:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Человек в маске" ауыр дертпен күрескен отбасыға көмектесті

"Человек в маске" ауыр дертпен күрескен отбасыға көмектесті
Фото: бейнежазбадан скрин
Қарындасын құтқару үшін жұмыс істеп жүрген 15 жастағы Полатқа күтпеген көмек көрсетілді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық 15 жастағы Полаттың тағдыры әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Ауыр дертке шалдыққан қарындасын аман алып қалу үшін жасөспірім күнкөріс қамымен жұмыс істеуге мәжбүр.

Қызға шұғыл түрде бүйрек ауыстыру операциясы қажет. Оның құны шамамен 45 миллион теңге. Полаттың айтуынша, қарындасының дерті отбасы үшін ауыр соққы болған. Әкесі аурудан қайтыс болған, ал анасы бес баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Отбасының баспанасы да жоқ. «Қарындасыма шұғыл түрде 45 миллион теңгеге бүйрек ауыстыру керек. Дәрігерлер анама “тағы бес балаңыз бар, одан бас тартыңыз” деп айтқан. Әкем аурудан қайтыс болды. Өз үйіміз жоқ. Өзім қара жұмыс істеймін. Бірақ жұмыс әрдайым табыла бермейді. Егер қарындасым жазылып кетсе, менің басқа арманым қалмайды», – дейді Полат. Жасөспірім жасына қарамастан кез келген жұмысқа шығатынын айтады. Алайда көп жағдайда жұмыс берушілер оның кәмелетке толмағанын сылтауратып, жұмысқа алмайды. Соған қарамастан ол отбасына көмектесуді тоқтатпаған. Бейнежазбада «маскадағы адам» атанып кеткен қайырымдылық жасаушы отбасыға көмек көрсеткен. «Осындай жаста отбасыңа тірек болдың. Енді Алла сіздерге де тірек жіберді. Құдай қаласа, қарындасың ем алады. Сонымен қатар сендер баспаналы болдыңдар», – дейді ол. Осы сөзден кейін Полат эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар