жұма, 22 мамыр, 2026 20:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жігіт попкорнға қақалып, кинотеатрда көз жұмды

Алматыда жігіт попкорнға қақалып, кинотеатрда көз жұмды
Сурет: Рixabay
Қайғылы оқиға 17 мамырда болған.

Алматыдағы «Forum» сауда-ойын сауық орталығында 29 жастағы жігіт попкорнға қақалып, кинотеатрда көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 17 мамырда болған. Жігіт киноға бұрынғы сыныптасымен бірге келген.

Сеанс алдында жас жігіт попкорн сатып алып, оны жеп жатқанда қақалып қалған. Туыстарының айтуынша, алдымен ол дәретханада құсқан. Алайда, кейін өзін жақсы сезінгенін айтып, серігімен бірге кинозалға кірген.

Кино көріп отырғанда жігіттің жағдайы кенеттен нашарлап кеткен. Ол тамағының жыбырлап жатқанын айтып, кейін жүрегінің қысылғанын жеткізген. Жас жігіт үстіндегі сырт киімін танысына беріп, есінен танып құлаған.

Оқиға куәгерлері дереу көмекке ұмтылып, жедел жәрдем келгенше оны аман алып қалуға тырысқан. Алайда, жігітті құтқару мүмкін болмады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар