жұма, 22 мамыр, 2026 21:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Экібастұзда негізгі электр станцияларының жылыту маусымына дайындығы талқыланды

Экібастұзда негізгі электр станцияларының жылыту маусымына дайындығы талқыланды
Көшпелі кеңес өтті.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясына барып, алдағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің ірі энергия көздерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.
Кеңеске «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, «ЕЭК» АҚ, Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы қатысты.
Кеңес барысында электр станцияларының ағымдағы жұмыс көрсеткіштері, жөндеу бағдарламаларының орындалуы және жабдықтардың пайдалану сенімділігін арттыру шаралары қаралды.
Өткен жылыту маусымындағы энергия нысандары жұмысының мониторинг нәтижелеріне ерекше назар аударылып, соның қорытындысы бойынша технологиялық бұзушылықтарды азайтуға және жабдықтардың тұрақты жұмысын арттыруға бағытталған қосымша техникалық және өндірістік бақылау шаралары айқындалды.
Комитет төрағасы Екібастұз энергия торабындағы жүйе құраушы электр станциялары еліміздің тұрақты энергиямен жабдықталуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, оларды дайындау мәселелері Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтты.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясында бір энергоблок күрделі жөнделуде, Екібастұз ГРЭС-2-де де бір энергоблокта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде «ЕЭК» АҚ бір энергоблоктың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.
«Негізгі міндет – жабдықтардың жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз ету. Барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес және сапа мен сенімділік талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс», – деп атап өтті Ержан Ертаев.
Кеңес қорытындысы бойынша электр станцияларының басшылығына жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуына жеке бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Комитеттің аумақтық департаментіне энергия көздерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығына апта сайын бақылау жүргізу жүктелді.
Жұмыс сапарының соңында Ержан Ертаев Екібастұз ЖЭО-сына да барып, жөндеу науқанының барысы мен жылу көзінің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар