сейсенбі, 5 мамыр, 2026 18:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҚМА: дәрілік препараттарды қолдан қымбаттатқан

ҚМА: дәрілік препараттарды қолдан қымбаттатқан
istockphoto.com
Тергеу аяқталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі дәрілік препараттарды сатып алу кезінде мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Интерфармсервис» ЖШС Қазақстан аумағында Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған дәрілік заттардың дистрибьюторы және жалғыз жеткізушісі бола отырып, бес жыл бойы оларды еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізіп келген.

Аталған препараттар бойынша өндіруші шекті сату бағаларын белгілеген.

Алайда компания басшылығы заңсыз пайда табу мақсатында жеткізу тізбегіне Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген өздеріне бағынысты компанияны қосып, сол арқылы жалған мәмілелер жүргізген.

Осы схема арқылы препараттардың сату бағасы жасанды түрде өсіріліп, олардың нақты өзіндік құны жасырылып, заңсыз пайда алынған.

Нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.

Алынған табысқа салық төлеуден жалтару мақсатында серіктестік басшылығы түрлі жеке кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасап, жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қаражатты шығару схемасын ұйымдастырған.

Соның салдарынан 4 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Компания 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.

Заңсыз баю нәтижесінде кәсіпкерлер 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй сатып алған. Аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды

Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастады.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар