дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 16:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте азық-түлік жақын арада дронмен жеткізіледі

Шымкентте азық-түлік жақын арада дронмен жеткізіледі
Фото: stan.kz
Шіліңгір шілдеде сынап бағанасы 50°C-қа дейін жететін шырайлы Шымкент үшін салқын сусын мен балғын өнімді үйден шықпай-ақ алдыру – нағыз таптырмас мүмкіндік.

)алада дәл осы қажеттілікті өтеп қана қоймай, сауда жасаудың мүлдем жаңа, инновациялық форматын ұсынатын Freedom SuperApp экожүйесінің "Азық-түлік" сервисі ресми түрде іске қосылды. Бұл – жай ғана кезекті жеткізу қызметі емес: Шымкент аспанында болашақта дрондар самғап, әрбір тұтынушы күнделікті қажет тауарын сатып алып қана қоймай, 26%-ға дейін кешбэкке ие болатын жаңа форматтағы жоба. 

22 сәуір күні БАҚ өкілдері мен блогерлердің басын қосқан жабық шара барысында жаңа сервистің тыныс-тіршілігімен іштей танысудың сәті түсті.

Ең әуелі көзге түскені – ауқымды қойма ішіндегі қызу қайнаған жұмыс процесі. Қоймадағы жұмыс секундтармен есептелген: мұнда 20 000-нан астам тауар түрі бар. Олардың ішінде балғын азық-түлік өнімдері, үйге қажет заттар, балаларға қажет тауарлар, сусындар және тағы басқа керек дүниенің бәрі бар.

Азық-түліктің балғындығын сақтау үшін қойма бірнеше температуралық аймаққа бөлінген. Нарықта сирек кездесетін экзотикалық жемістерден бастап, жапондық импорттық өнімдерге дейін толық қамтылған. Мәселен, экзотикалық жемістер мен көкөністерге арналған ылғалдылық режимі сақталған бөлмелер, сүт және ет өнімдеріне арналған мұздатқыштар (-20°C-қа дейін) жұмыс істеп тұр. Тауарлар +2, +8°C-тық арнайы бөлмелерде және минус -18, -20°C-тық мұздатқыштарда мұқият сақталады. Тіпті, Шымкенттің 50°C-тық ыстығын ескеріп, сусындарды арнайы салқындатып жеткізетін бөлек аймақ та қарастырылған.

Сервис жұмысының ішкі қыр-сыры туралы Шымкенттегі "Азық-түлік" қоймасының директоры Рустам Орозалиев кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, сервис шымкенттіктерге нарықта сирек кездесетін өнімдерді қолжетімді етпек.

"Бізде тауар түрі өте көп. Нарықта табыла бермейтін бірегей ассортиментті тұтынушыларымызға тиімді бағамен ұсынамыз. Жұмыс қарқынына келер болсақ, қазір жеткізудің екі түрі бар: клиенттер тапсырысты 60 минуттан бастап экспресс немесе ыңғайлы уақытта алуды таңдай алады. Қоймада бір қызметкер бір уақытта 4 тапсырысты жинайды және бұған тауар санына қарай небәрі 10-15 минут жұмсалады. Қазіргі бастапқы кезеңде бірнеше ондаған адам жұмыс істеп жатыр, бірақ тапсырыс көлемі артқан сайын штатты кеңейтеміз. Күніне 200 тапсырыстан бастадық, алайда бізде қажет алаң да, тауар қоры да жеткілікті. Сондықтан кез келген үлкен көлемге сапалы қызмет көрсетуге толықтай дайынбыз", – деді Рустам Орозалиев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар