дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 16:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлытаулық ақсақал Парижге жетті

Ұлытаулық ақсақал Парижге жетті
видео скрин
Дипломаттар мен отандастарымыз ақсақалды Париждегі Триумф аркасының жанында күтіп алды.

Ұлытаулық ақсақал Сәрсенбай Қотырашов әлем елдері бойынша жаяу саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы оның межелі нүктесі Париж болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«24KZ» телеарнасының мәліметінше, 76 жастағы саяхатшы өзінің үлкен жаяу жолының кезекті кезеңін аяқтады. Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетті — ол 53 күн ішінде 3 мың шақырымды еңсеріп, жол-жөнекей Сербия, Венгрия, Австрия және Германия елдерін аралады.

Дипломаттар мен отандастарымыз ақсақалды Париждегі Триумф аркасының жанында күтіп алды.

«Өз үлгіммен бүкіл әлемге қазақ халқының ерік-жігері мықты, қайсар халық екенін жеткізгім келеді. Біздің бабаларымыз алғаш болып темір игеріп, металмен жұмыс істеген, астрономиямен айналысып, жылқыны қолға үйреткен. Менің мақсатым  75 жастан асқан жаяу саяхатшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену. Ол үшін экватордың ұзындығынан асатын жолды, яғни 40 мың шақырымды басып өту керек. Қазіргі таңда менің еншімде 18 мың шақырым бар. Бұл мақсатыма жетемін деп үміттенемін», - деп бөлісті Сәрсенбай Қотырашов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар