FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша жоспарланған рейстерін 2026 жылдың 29 тамызына дейін тоқтатты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әуе компаниясының мәліметінше, рейстердің тоқтатылуына Таяу Шығыстағы қалыптасқан тұрақсыз жағдай себеп болған. Бұған дейін Air Astana компаниясы да Дубайға бағытталған тұрақты рейстерін 30 сәуірге дейін тоқтата тұру туралы шешімін ұзартқан болатын.
«Рейстері тоқтатылған жолаушыларға билет құны ешқандай айыппұлсыз, сатып алынған бағасы бойынша толық қайтарылады», — деп атап өтті FlyArystan өкілдері.
Билеттерді ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы рәсімдеген жолаушылар қайтару процесін онлайн түрде өз бетінше жүргізе алады. Ал билеттерді турагенттіктер немесе басқа делдалдар арқылы сатып алған азаматтар сол сауда нүктелеріне жүгінуі тиіс.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






