жұма, 17 сәуір, 2026 2:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ресей Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті

Ресей Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті
Азамат Сарсенбаев
Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған еді.

Ресей мен Әзербайжан Сыртқы істер министрліктері Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясы ұшағына қатысты мәселенің толық шешілгенін мәлімдеді. Ресей тарапы оқиға салдарынан келген шығындарды өтеуге және Әзербайжанға өтемақы төлеуге келісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім екі ел президенттерінің 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде өткен кездесуіндегі уағдаластықтар негізінде қабылданған. Ресми мәлімдемеге сәйкес, қайғылы жағдайға Ресейдің әуе кеңістігіндегі әуе қорғаныс жүйесінің (ӘҚЖ) байқаусызда іске қосылуы себеп болған.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам болды, оның ішінде 42 Әзербайжан, 16 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы болды. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар