сәрсенбі, 25 наурыз, 2026 18:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда "жаңа туған сәбиін өлтірді" деп айып тағылған қызға үкім шықты

Павлодарда "жаңа туған сәбиін өлтірді" деп айып тағылған қызға үкім шықты
ашық дереккөз
Сот екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірді деп айыпталған студент қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Ulysmedia.сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 19 жастағы студент қыз туыстарының сөгісінен қорқып, жүктілігін жасырып, дәрігерге жүгінбеген. Бойжеткен бір жарым жыл бойы жігітімен қарым-қатынаста болған. Жүктілігі белгілі болған кезде жігіт балаға жауапкершілік алудан бас тартқан.

2025 жылдың қазан айында жатақхананың жуынатын бөлмесінде босанған.

Сот үкімінде көрсетілгендей, босанғаннан кейін психологиялық күйзеліс жағдайында болған қыз сәбидің жылаған дауысы естіліп қалады деп қауіптеніп, қылмысқа барған.

– Сотталушы жаңа туған сәбиді сүлгіге толық орап, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Соның салдарынан нәресте шетінеп кеткен, – деп көрсетілген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.

Іс «психотравмалық жағдайда анасының жаңа туған баласын өлтіруі» бабы бойынша қозғалған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сот екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар