Актер Асқар Жұмабеков ұсақ бұзақылық үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы полиция өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұған әріптесі Айнұрдың әлеуметтік желіде жариялаған видеожазбасы себеп болған. Оның айтуынша, актер түсірілімге ертерек оятуды өтінген, алайда ол хабарласқан кезде актер оған агрессия көрсеткен.
Полицияның нақтылауынша, оқиға фактісі бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Ер адам бөлімшеге жеткізіліп, оның үстінен әкімшілік іс қозғалды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол қоқан-лоқы көрсетіп, өзін агрессивті ұстаған, былапыт сөздер айтып, бойжеткенге анық сыйламаушылық танытқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда туған Атазаң есімді нәрестеге Түркістаннан аттасы арнайы келді
- авторОймақ
- 20 наурыз, 2026





