Әлеуметтік желілерде полицейдің бекеттердің бірінде көлікті тоқтатып, жүргізушінің сыртқа шығуын сұраған видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.
Одан әрі олардың арасында қысқаша әңгіме болып, соңында жүргізуші қызметкердің қолына ақша ұстата салады. Ер адамның айтуынша, оған мұндай қадамға бірнеше рет баруға тура келген. Ол кеденде де 70 мың теңге төлегенін айтып шағымданды.
Видеоның нақты қай жерде түсірілгені әзірге белгісіз. Желі қолданушылары пікірлерде бұл оқиға Түркістан облысындағы бақылау бекеттерінің бірінде болуы мүмкін екенін жазуда.
Видео авторы Қазақстан жолдарында мұндай жағдайлардың жиі кездесетініне наразылық білдірген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





