сенбі, 7 наурыз, 2026 13:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ирандағы соққыдан 180 бала қаза тапты – ЮНИСЕФ

Ирандағы соққыдан 180 бала қаза тапты – ЮНИСЕФ
Кемінде 20 мектеп пен 10 аурухана зақымданғанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қоры – ЮНИСЕФ мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әскери соққылары салдарынан шамамен 180 бала қаза тауып, жүздегені жараланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..

Ең ауыр оқиға 28 ақпанда Иранның Минаб қаласында болды: қыздарға арналған «Шеджерету-т-Таййиба» бастауыш мектебіне жасалған бомбалау кезінде 7-12 жас аралығындағы 168 бала қаза тапты. Сонымен қатар  елдің бес өңіріндегі мектептерге жасалған шабуылдарда тағы 12 бала мерт болды.

ЮНИСЕФ соққылардың соғыстың қатыгездігін көрсеткенін атап, кемінде 20 мектеп пен 10 аурухана зақымданғанын хабарлады. Бұл балалардың білім алуына және медициналық көмекке қол жеткізуіне кері әсерін тигізуде.

Қор қақтығысқа қатысушы барлық тарапты халықаралық құқықты сақтап, бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар