сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 10:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда түзету орталығы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда түзету орталығы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
polisia.kz
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері жасаған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.

Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар