Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды.
– Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.
Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.
Халық арасында "еркін қоныс" деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. Колонияны 2024 жылдан бері полковник Рүстем Рахметов басқарған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






