жұма, 27 ақпан, 2026 12:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы жаңа Конституцияның ережелерін талқылады

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы жаңа Конституцияның ережелерін талқылады
Сенат
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» атты іс-шара депутаттық топтың жетекшісі Нұртөре Жүсіптің төрағалық етуімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының, еліміздің барлық өңірлерінен Астанаға келген өңірлік қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде конституциялық реформа билікті іске асыру тетіктерін қайта қарауға, өкілеттіктерді билік тармақтары арасында қайта бөлуге және қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Депутаттың пікірінше, жаңа Конституцияның ерекше құндылығы оның адамгершілікке, азаматтардың құқығына, бостандығы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ зияткерлік әлеуетіне баса назар аудару болып табылады. Осыған байланысты жастарға және оның мәртебесіне ерекше мән беріліп отыр.

«Жаңа Негізгі заң – бұл Қазақстанның тұрақты дамуына, заманауи сын-қатерлерді еңсеруге және уақыт талабына бейімделуге бағытталған кешенді жүйелі жұмыстың нәтижесі.  Ғылымның, білім мен мәдениеттің маңыздылығын конституциялық тану адами капиталдың стратегиялық дамуына құқықтық негіз қалайды. Бұл қоғамды сапалы жаңартудың және жоғары технологиялық экономикалық үлгіні қалыптастырудың маңызды шарты. Алайда табысты іске асыру тек конституциялық нормалардың мазмұнына ғана емес, жас ұрпақтың еліміздің саяси өміріне жауапкершілікпен қатысуға дайындығына да байланысты», - деді ол өз сөзінде.

Ол сондай-ақ жоба кіріспесінде бекітілген еліміздің болашақ дамуының ұлттық құндылықтары мен бағдарына тоқталды. Атап айтқанда, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтумен қатар, жаңа тұрғын үй бастамаларын іске қосу және грантпен қолдауды арттыру туралы да сөз болды. Сенатор Бибигүл Жексенбайдың пікірінше, бұл қадамдар жас қазақстандықтардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін де, олардың мемлекетті басқаруға белсенді қатысуы мен ортақ іске атсалысуы үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

Кездесуге қатысушылар сонымен бірге зияткерлік меншікті қорғауды Негізгі заңда бекіту де зор маңызға ие екендігімен келісті. Дербес деректердің қауіпсіздігін, жеке өмірге қол сұғылмаушылық және электрондық коммуникацияларды қорғауды қамтамасыз етуге байланысты кепілдіктер жастардың, оның ішінде креативті индустрия саласындағы әлеуетін қалыптастыру және іске асыру үшін негізгі ынталандыру болып табылады.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар