Түркістанда студент қыздарды жігіттердің бөлмесі мен дәретханасын жууға мәжбүрлеген бе?
- авторОймақ
- Бүгін, 12:12
- 45
Олардың айтуынша, жатақхана қызметкерлері қыздарды жігіттердің бөлмелерін тазалауға және ортақ дәретханаларды жуып шығуға мәжбүрлеген. Бұл туралы Халықстан телеграм парақшасы жазба жариялады.
Мәселе тек тазалықта емес. Қыздардың сөзінше, комиссия келеді деген сылтаумен жатақхана әкімшілігі бөлмелерді жаппай тазалатуға тырысқан. Алайда бұл міндет қыздардың мойнына артылған. Бұған келіспеген студенттер қарсылық танытқан.
Наразылық білдіргендерге қысым жасалғаны да айтылып отыр. Кейбір студенттердің айтуынша, «тәртіпке бағынбады» деген желеумен оларды жатақханадан шығарамыз деп қорқытқан. Тіпті, ата-аналарына шағым түсіріп, «тәртіпсіздік жасады» деп хабарласқан жағдайлар болған.
Қыздар мұндай талапты өз ар-намысына тиетін әрекет деп санайды. Олардың пікірінше, жатақханадағы тәртіп пен тазалық мәселесі әділ әрі тең талаппен шешілуі керек.
Қазір жұртшылық комиссияның тексерісі әділ өтеді ме деген сұрақ қоя бастады. Алдымен студенттердің құқықтары бұзылған-бұзылмағанын анықтау қажет деген пікірлер айтылуда.
Бұл жағдай қоғамда қыздардың құқығы мен қадір-қасиетін қорғау мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз бен Мерамгүлге іздеу шаралары жалғасып жатыр – Санжар Әділов.
- авторОймақ
- Бүгін, 09:25





