Министрлік енді қаржыны көзбояушылық іс-шараларға емес, шынайы нәтиже беретін бағыттарға жұмсамақ. Яғни есеп үшін ғана ұйымдастырылатын форумдар мен жиындар азаяды. Республикалық та, өңірлік те шаралар қайта қаралып, тек білім сапасын нақты жақсартатын жобалар ғана қолдау табады. Басқаша айтқанда, «сахна мен баяндамадан» гөрі, мектептегі нақты өзгеріске басымдық беріледі.
Кездесуде тағы бір маңызды мәселе – өңірлердегі дағдарысқа жедел әрекет ету және балалардың қауіпсіздігі сөз болды. Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау жүйесі, күзет қызметі және оқушылар арасындағы психологиялық ахуал тұрақты бақылауда болуы тиіс екенін атап өтті.
Өңірлік басқарма басшыларына жергілікті деңгейде мәселені созбай, нақты әрі батыл шешім қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ ата-аналармен тұрақты байланыс орнату – мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастырудың басты шарттарының бірі екені ескертілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






