сейсенбі, 3 ақпан, 2026 10:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сәтпаевта алаяқтар қарт адамның ақшасын алып кеткен

Сәтпаевта алаяқтар қарт адамның ақшасын алып кеткен
polisia.kz
Жәбірленуші – 70 жаста.

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында мессенджер арқылы жасалған интернет-алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, белгісіз тұлға өзін байланыс қызметінің өкілі ретінде таныстырып, жәбірленушінің ұялы телефонына WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалған. Әңгіме барысында ол үй телефоны мен интернет қызметіне қатысты келісімшарттың мерзімін ұзарту қажеттігін алға тартып, жәбірленушінің сеніміне кірген.

Кейін алаяқ зейнеткерлерге арналған "жеңілдік картасын" рәсімдеу сылтауымен жәбірленушіден жеке деректерін сұрап, белгісіз тәсілмен оның ұялы телефонына қашықтан қол жеткізген. Соның салдарынан мобильді банкинг қосымшалары арқылы банк шоттарынан заңсыз ақша аударымдары жүргізілген.

Нәтижесінде жәбірленушінің екі банк шотынан 1,8 млн теңгеден астам қаражат алаяқтық жолмен шешіп алынған. Жәбірленуші - 70 жастағы зейнеткер.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізуде. Қаржылық операциялар тексеріліп, күдікті аударымдар арнайы антифрод жүйесіне енгізілді.

Полиция азаматтарды өзін банк, байланыс немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғаларға сенбеуге, жеке деректер мен банк реквизиттерін ешкімге бермеуге және күмәнді жағдай туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар