жұма, 30 қаңтар, 2026 19:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астана тұрғыны жүрмей қойған итін көлікке байлап сүйреген

Астана тұрғыны жүрмей қойған итін көлікке байлап сүйреген
Фото: видеодан скрин
Астанада итті аяусыз көлікке байлап, кейін жол бойымен сүйреген азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға сағат 13:40 шамасында "СпецЦОН №1" аялдамасы маңында болды. Иттің мұндай күйде қанша қашықтықты жүріп өткені әлі белгісіз.

Полицияның мәліметінше, 41 жастағы ер адам итті багажына байлап, төменгі жылдамдықпен қозғалған. Иттің иесі алдымен жануарды серуендеткісі келгенін айтып ақталды. Айтуынша, кейін ит жүрмей қойғасын иесі оны көлікке байлап қойған.

Ер адамға үй жануарларын ұстау және серуендету ережесін бұзғаны үшін әкімшілік іс тіркелді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар