жұма, 30 қаңтар, 2026 19:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Темірлан Анарбеков үздіктер қатарына енді

Темірлан Анарбеков үздіктер қатарына енді
22 жастағы отандық футболшы турнирдің ең үздік үш қақпашысының қатарынан көрінді.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі қорытындысы бойынша үздіктер қатарына енді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

22 жастағы отандық футболшы сейв жасау көрсеткіші бойынша турнирдің ең үздік үш қақпашысының қатарынан көрінді. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының үздігі атанған Анарбеков Чемпиондар лигасы аясында грек елінің «Олимпиакос» клубына қарсы өткен ойында MVP атағын иеленіп, тарихта қалды.

УЕФА жариялаған ресми статистикаға сәйкес, Темірлан Анарбеков топтық кезеңдегі 6 матчта қарсыластардың 26 соққысын тойтарған. Бұл көрсеткіш бойынша ол марсельдік «Олимпик» клубының қақпашысы Херонимо Рульимен тең нәтиже көрсетті.

Турнирдің үздік қақпашылары рейтингісінде бірінші орынды Никита Хайкин иеленсе, екінші орынға мадридтік «Реалдың» негізгі қақпашысы Тибо Куртуа жайғасты. Ал үшінші орынды қазақстандық Темірлан Анарбеков пен Херонимо Рульи өзара бөлісті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар