бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көлігіне ағаш құлаған әйел әкімдіктен бірнеше миллион теңге өтемақы алды

Көлігіне ағаш құлаған әйел әкімдіктен бірнеше миллион теңге өтемақы алды
Видео скрин
Қостанай қаласының тұрғыны Ирина Карпенко көлігіне құлаған ағаш үшін қала әкімдігінен 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Astana TV телеарнасының мәліметінше, оқиға былтыр жазда болған. Кочубей көшесіндегі үйдің ауласында дауыл кезінде ескі терек ағашы әйелдің көлігінің үстіне құлаған. Соның салдарынан автокөлікке елеулі механикалық зақым келген.

Жәбірленуші қала әкімдігіне қарсы сотқа талап-арыз түсірген. Алайда бірінші сатыдағы сот оның талабын қанағаттандырмай, бас тартқан. Соған қарамастан, әйел апелляциялық сотқа жүгінген.

Апелляциялық инстанция ағаштың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты баланста тұрғанын және жасыл желектерге тиісті күтім жасалмағанын анықтаған. Сондай-ақ сот тұрғындардың бұған дейін де қауіпті ағаштарды кесу туралы бірнеше рет өтініш бергенін, бірақ оған тиісті шара қолданылмағанын белгіледі. Нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімі күшін жойды.

«Сот қауіпті ағаштарды кесу туралы өтініштердің мемлекеттік органға жолданғанын, алайда ешқандай шара қабылданбағанын анықтады. Осыған байланысты апелляциялық алқа талапкердің мүлкіне келтірілген залал жауапкердің кінәсінен болған деген қорытындыға келді», – деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар