бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 14:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркия университеттері талапкер таппай қалуы мүмкін

Түркия университеттері талапкер таппай қалуы мүмкін
Freepick
Түркиядағы жоғары білім беру жүйесі, әсіресе жекеменшік сектор, студент қабылдаудың күрделі мәселесіне тап болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Daily News-ке сілтеме жасап.

2025 жылы жекеменшік университеттер қолжетімді орындардың орта есеппен небәрі 75,8%-ын ғана толтыра алған. Бұл — соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Кейбір оқу орындары жоспарланған студент санының жартысын да жинай алмаған. Daily News мәліметінше, ең осал жағдайда қаржыландыруының 80%-ы оқу ақысына тәуелді жекеменшік университеттер қалып отыр.

«Алдағы онжылдықта бірқатар университеттердің жабылуы, бірігуі немесе жұмыс форматын түбегейлі өзгертуі мүмкін», — деп ескертеді сала сарапшылары.

Олардың пікірінше, талапкерлер санының азаюына бірнеше фактор әсер етіп отыр:

2014 жылдан бері туу көрсеткішінің тұрақты төмендеуі;

диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасу кепілдігінің азаюы;

қысқамерзімді кәсіби курстар мен онлайн-білімнің танымалдылығының артуы;

жастардың бірден еңбек нарығына шығуға ұмтылысы.

Сарапшылар Түркияның жоғары білім беру жүйесі ірі құрылымдық өзгерістердің табалдырығында тұрғанын, ал бұл жағдайда ең алдымен жекеменшік университеттерге бейімделуге тура келетінін айтады.

Бәлкім, «демографиялық қыс» салдарынан 2026 жылы туған алғашқы сәбилердің өзіне Стамбұлда түрік шенеуніктері бірден арнайы барып көрінген болар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар