дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 11:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зәкиева баласын ұрып-соққан әйелге қатысты пікір білдірді

Зәкиева баласын ұрып-соққан әйелге қатысты пікір білдірді
фото: скрин
Жетісу облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жетісу облысында баласын ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы факті бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Жетісу облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті әйел полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта балалар қауіпсіз жерде, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Сонымен қатар, ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына тиісті ұсыныс жолданады, - деді Зәкиева.

Бұған дейін Жаркентте 28 жастағы анасы өз баласын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз. Аталған оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, резонанс тудырды. Белгілі болғандай, баланың әкесі болған жайтқа араласпай, жанында үнсіз отырып, бәрін телефонға түсіріп отырған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар