Алматы қаласында мешіттерде жамағаттың заттарын ұрлаған ер адам қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, күдікті намаз уақытында адамдардың алаңсыз сәтін пайдаланып, ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлап отырған. Ол жамағаттың құлшылыққа толық берілген кезін әдейі таңдаған.
Қазіргі уақытта бірнеше ұрлық дерегі дәлелденді. Тергеу барысында ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Алматы қаласының полициясы тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жоғалған отбасы: полиция "хакерді" іздестіріп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін
- авторОймақ
- 25 ақпан, 2026
Елордада қызылша өршіп тұр: жыл басынан бері 900-ден аса жағдай расталды
- авторОймақ
- 25 ақпан, 2026






