жұма, 9 қаңтар, 2026 10:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Рэкетир" фильмінде ойнаған актер көз жұмды

"Рэкетир" фильмінде ойнаған актер көз жұмды
жеке парақшасынан
Суыт хабарды актердің қызы Диана Болатова жеткізді.

Бүгін белгілі актер Мұрат Бисембин 54 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Суыт хабарды актердің қызы Диана Болатова жеткізді.

“Шексіз жақсы көремін”, – деп қысқаша жазба қалдырды қызы әкеснің суретін жариялап.

Еске сала кетейік, Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келген болатын. 2024 жылғы күзде оның диагнозы белгілі болып, жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Былтыр желтоқсанның соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дейін отбасы оның жағдайы тұрақсыз екенін айтқан еді.

Кейінгі бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар